Фото: istockphoto
Еліміздің бірнеше облысында ауа райын байланысты тасжолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 1 желтоқсан күні Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтіліп отыр.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.
