Фото: instagram.com/dariga_badykova
Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті ойландыратын жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі саяхаттап жүрген сәтінен теңіз бен ұшақтың кадрларын бөлісіп, видео астына әсерлі ой қалдырған.
«Өзі қысқа өмір. Бәрі бір өлетінімізді білеміз. Оның жартысын ойланумен өткізетін болсақ, тиімсіз», — деп жазды актриса.
