Фото: Видеодан скрин
Отандық шоу-бизнесте тағы бір қызықты оқиға. Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасы кезекті рет көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жолы талқылаудың басты себепкері – әзілкештің үлкен қызы Әдемі мен жас әншінің TikTok желісіндегі әрекеті.
Бәрі әнші Ғалымжан Нұрқалықовтың желіге жүктеген видеосынан басталды. Ол Қабатовтың тұңғышына арнайы ән шығарып, оны көпшілік алдында жария еткен.
«Қайын атам көре ме екен?»
Жас әнші видеоның сипаттамасына жазған сөзімен-ақ оқырмандардың қызығушылығын оятты. Ол өз жазбасында ашықтан-ашық Тұрсынбекке сәлем жолдағандай болды.
«Тұрсынбектің қызы Әдеміге арналған ән. Қайын атам көре ме екен?» – деп жазды Ғалымжан Нұрқалықов өз парақшасында.
Бұл видео қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, желіде лезде тарап кетті. Алайда, романтикалық сарындағы бұл қадамды бәрі бірдей дұрыс түсінген жоқ.
Халықтың сыны мен қызғанышы
Қазақ эстрадасындағы ең танымал отбасылардың біріне «күйеу бала» болғысы келетіндер аз емес. Бірақ желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің бұл қылығын ерсі санап, түрлі сыни пікірлер жаудырды.
Көпшілік Әдемінің әлі тым жас екенін алға тартып, әкесіне ескерту жасауға кірісті. Пікір жазғандардың арасында:
-
«Кішкентай қыз ғой бұл, әлі ерте емес пе?»;
-
«Тұрсынбек, қыздарыңа ие бол, жаушылар көбейіп кетті»;
-
«Жанұяңды талауға тастадың-ау» деген секілді алаңдаушылық білдіргендер көп.
Сондай-ақ, кейбір оқырмандар Тұрсынбектің бұған дейін айтқан сөздерін еске салды. Әзілкеш бір сұхбатында күйеу баланы өзі таңдайтынын және қызына қатаң талап қоятынын астарлап жеткізген болатын.
Әзірге Қабатовтар әулеті тарапынан бұл видеоға қатысты ресми жауап болған жоқ.
