Қазақ күресінен түркістандық балуан ел чемпионы атанды

Фото: Gov.kz

Шымкентте өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында елдің әр өңірінен жиналған балуандар бозкілемде бақ сынады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жарыс қорытындысы бойынша, 55 келі салмақта белдескен Рузимон Тугушев Қазақстан чемпионы атанды. Ал 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Қайсар Шамшидинов финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Әйелдер арасында 77 келі санатында күрескен Гүлнұр Ырысхан да күміс жүлдемен қуантты.

Бұдан бөлек, 66 келіде Ерaсыл Ахметбеков, 52 келіде Жадыра Пайыз қола жүлдеге қол жеткізді.
Абсолюттік санат – түйе палуан сайысында Қайсар Шамшидинов тағы да жүлдегер атанып, қоржынға қосымша қола әкелді.

Осылайша, Түркістан облысының балуандары ел чемпионатында жалпы 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, аймақ спортындағы жоғары көрсеткішін тағы бір дәлелдеді.

Яндекс.Метрика