Мен Дастаннан әдейі сары қағаз алуды сұрадым – Рафаэль Уразбахтин

Фото: Stan.kz collage

«Қайрат» командасының бас бапкері Рафеэль Уразбахтин Дастан Сәтпаевқа әдейі сары қағаз алу жөнінде тапсырма бергенін ашық айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталыAladop.kz арнасына сүйеніп.

Чемпиондар лигасының 5-турында алматылық «Қайрат» клубы сырт алаңда «Копенгагеннен» 3:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ойын кезінде Дастан Сәтпаев тәртіп бұзып, сары қағаз алған еді. Кейін бапкер бұл жағдайдың алдын ала жоспарланғанын мәлімдеді.

«Мен Дастанға әдейі ескерту алуды тапсырдым. Ол бәрібір жарақатынан емделуге кетеді, келесі матчқа қатыса алмайтын. Сол себепті бұл — толықтай тактикалық шешім. Енді ол денсаулығын түзеп алуға уақыт алады, ал соңғы екі кездесуге еш алаңсыз дайындалады», – деді Рафеэль Уразбахтин.

Яндекс.Метрика