Жамбыл облысында сәлем салудан бас тартқан келін соттан бір-ақ шықты

Фото: qazaly.kz

Үйлену тойы барысында күйеу жігіт жұбайынан қазақтың дәстүріне сай өзінің үлкен әпкесіне сәлем салуын өтінген. Алайда қалыңдық бұл ұсынысты мейрамханадағы думан кезінде қабылдамай қойған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жуалы аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-тармағы (отбасылық-тұрмыстық жанжал кезіндегі балағат сөздер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Материалдарға сәйкес, тойдан кейін үйге оралған ер адам жұбайының әрекетіне реніш білдіріп, оған балағат сөздер айтқан.

Сот отырысында азамат Т. өз кінәсін мойындап, әйелінен кешірім сұрағанын айтып, тараптардың медиация арқылы татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші де күйеуінің анасын дөрекі дауыспен шақырып, қызын әрі немерелерін алып кетуді талап еткенін жеткізді. Ол да татуласуға байланысты істі ары қарай жүргізбеуді өтінді.

Яндекс.Метрика