«Жалғызтөбемұнай» жұмысшылары тағы да дабыл қақты: ұжымдық шарт орындалмай жатыр

Фото: Видеодан алынған кадр 

Маңғыстау облысында «Жалғызтөбемұнай» компаниясының жұмысшылары ұжымдық шарттың толық орындалмай жатқанын айтып, видеоүндеу жариялады. 25 қарашада түсірілген мәлімдемеде олар құжаттағы 3.8, 5.93 және 5.95 тармақтар мүлдем орындалмағанын мәлімдеп, талаптардың толық орындалуын сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жұмысшылардың айтуынша, былтыр күзден бері олар еңбек инспекциясына, прокуратураға және Еңбек министрлігіне бірнеше рет шағым түсірген, бірақ нәтиже шықпаған. Ал Еңбек министрлігі биыл мамырда «еңбек заңнамасы бұзылмаған» деген қорытынды жіберген.

Қызметкерлер мұндай жауаппен келіспей, жағдайды ашық айтуға мәжбүр болғанын айтады.

Яндекс.Метрика