Фото: стористен скрин
Танымал музыкант Бағжан Октябрь биылғы “Дарын” сыйлығының иегері атанды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі қуанышты хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Бұл марапатты мені дарынды етіп оқытқан, кішкентайымнан виолончелімді көтеріп келген анашыма және балам оқысын деп еңбек еткен әкеме арнаймын. Құттықтауларыңызға рақмет!”, – деп атап өтті Б. Октябрь.
Желі қолданушылары, сондай-ақ бірқатар жұлдыздар музыкантқа жылы лебіздерін жаудырып, құттықтау жазып жатыр.
