СҚО-да 70 жастағы қария банкке барып, өзін өртеп жібермек болды

Фото: Pixabay

Петропавлда 70 жастағы зейнеткер банкке бензин құйылған бөтелкемен барып, несиесінің ай сайынғы төлемін төмендету мәселесін талқылау барысында өзін-өзі өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Оқиға 26 қараша күнгі түскі уақытта болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қарт кісі несиелерін уақытында төлей алмаған және банк қызметкерлерімен талқылағысы сөйлескісі келген.

«Петропавлда банк бөлімшелерінің бірінде түскен хабарламаны полиция тексерді. Қауіпсіздік қызметі әйел адамнан бензин құйылған ыдысты тартып алды. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға тексеру нәтижесінде беріледі. Айта кетерлігі, сараптама барысында әйел сол сәтте ес-түссіз емес, трезва болғаны анықталды.

Яндекс.Метрика