Фото: Pixabay
Бас көлік прокуратурасы Таиландтан есірткі заттарын жеткізіп, оларды Қазақстан аумағында таратқан студенттің ісі туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жерлесіміз сот үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокурорлардың айтуынша, оқуынан шеттетілген студентке қатысты аса ауыр қылмыс бойынша қозғалған іс сотта қаралған.
Ол Таиланд Корольдігінен Қазақстан Республикасына аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жөнелтуге, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда «жасырып кету» әдісімен бірнеше рет өткізуге қатысты жасалған аса ауыр қылмыс бойынша айыпталған.
