Фото: instagram/fcbarcelona
Кеше түнде футбол жанкүйерлері Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы ең қызықты ойындардың куәсі болды. Жалпы кезеңнің бесінші турында бірден бірнеше сенсация тіркелді. Әсіресе, Лондонда өткен орталық кездесу көпшіліктің есінде ұзақ сақталмақ.
«Стэмфорд Бридж» стадионында жергілікті «Челси» каталондық «Барселонаны» қабылдап, жанкүйерлерін ірі жеңіспен қуантты. Есеп – 3:0, ағылшындық клубтың пайдасында.
Лондондағы сәтсіздік: Каталондықтар неге дәрменсіз болды?
Ойын тағдыры бірінші таймда-ақ шешіле бастады. 27-минутта қонақтардың қорғаушысы Жюль Кунде абайсызда допты өз қақпасына соғып алды. Бұл автогол «Барселонаның» жоспарын бұзып жіберді.
Алайда, нағыз қиындық 44-минутта басталды. «Сине-гранатовыйлардың» негізгі қорғаушысы Рональд Араухо төрешінің шешімімен алаңнан қуылды. Екінші таймды аз құраммен өткізуге мәжбүр болған қонақтар «Челсидің» қысымына төтеп бере алмады.
55-минутта Эстевао Виллиан есепті еселесе, ойынның нүктесін 74-минутта Лиам Делап қойды.
«Манчестер Сити» де ұпайсыз қалды
Турдың тағы бір тосынсыйы Манчестерде орын алды. Хосеп Гвардиоланың шәкірттері өз алаңында Германияның «Байеріне» есе жіберді.
Неміс машинасы ағылшындардың қателігін тиімді пайдаланды. 23-минутта Алехандро Гримальдо есеп ашса, екінші таймда Патрик Шик (55-минут) таблодағы көрсеткішті 0:2-ге жеткізді. «Сити» қанша тырысқанымен, қонақтардың қорғанысын бұза алмады.
Сонымен қатар, 25 қарашада өткен өзге матчтардың нәтижелері төмендегідей:
-
«Галатасарай» 0 – 1 «Юнион»;
-
«Аякс» 0 – 2 «Бенфика»;
-
«Наполи» 2 – 0 «Карабах»;
-
«Славия» (Прага) 0 – 0 «Атлетик» (Бильбао);
-
«Марсель» 2 – 1 «Ньюкасл Юнайтед»;
-
«Будё-Глимт» 2 – 3 «Ювентус»;
-
«Боруссия» (Дортмунд) 4 – 0 «Вильярреал».
Еске сала кетейік, биылғы маусымның финалдық ойыны 30 мамыр күні Будапешттегі әйгілі «Пушкаш Аренада» өтеді.
