Эйстер ханшайымы: Қазақстанның бірінші ракеткасы тағы бір атаққа ие болды

Фото:WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір аттақты жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол 2016 жылдан бері 500-ден астам эйс жасаған теннисші атанып отыр.

Бұл туралы әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қазақстандық Елена Рыбакинаны “Эйстер ханшайымы” деп пост жариялады.

“2016 жылдан бері бір маусымда 500-ден көп эйс жасаған алғашқы теннисші — Елена Рыбакина эйстер ханшайымы”, – деп жазды WTA инстаграм парақшаларында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина жақында “Жылдың үздік теннисшісі” номинациясына ұсынылды. Сонымен қатар Рыбакина жуырда жылдың қорытынды турнирі Эр-Риядта өткен. Айтулы байқаудың ақтық сынында ол Арина Соболенкомен өзара мықтыны анықтап, жеңіске жетті. Нәтижесінде 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алды.

Яндекс.Метрика