Фото: nur.kz
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жары Мөлдір Мұқанова туралы көпшілік біле бермейтін жайттарды айтып, оның мінезі мен болмысын ерекше сипаттады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол Мөлдірдің балаларды тәрбиелеудегі рөлін, мейірімі мен қаталдығының өзара үйлесімін әзіл арқылы бейнелеген.
«Мөлдір, яғни балаларымның мамасы күн сияқты. Күн он екі сағат бойы жарық беріп, ысытса, Мөлдір 24/7 жарық беріп, ысытып тұрады. Мөлдір тек қана ысытып қоймайды, кәдімгідей мейірімімен күйдіріп жібереді бізді», – деп күлді Тұрсынбек Қабатов.
Оның бұл сөзі көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
