Оралда 2 қабатты үй отқа оранып, тұрғындар әрең құтқарылды

Фото: видеодан скрин

ТЖМ бөлімшелері жеткенге дейін тұрғындар өз бетімен үйден шыққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Орал қаласындағы Самар көшесінде ағаштан салынған екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты.

ТЖМ күштері келген кезде шатыр мен екінші қабаттың бір бөлігі отқа оранғаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның екінші қабаттың қалған бөлігіне және бірінші қабатқа таралуына жол берілмеді.

Өрт толығымен сөндірілді.

 

Яндекс.Метрика