Балаларын терезеден лақтырып жіберген қазақстандық қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Фото: видеодан скрин

Павлодарда екі баласын терезеден сырғытқан әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, арнайы психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Оқиға жабық режимде қаралған сотта жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Павлодар облысындағы қылмыстық істерге арналған арнайы ауданаралық сотта әйелдің ісі жабық режимде қаралды.

«Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлімі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» және 24-бап 3-бөлімі, 99-бап 3-бөлімі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталуы бойынша қаралды. Бірінші бап бойынша әйелге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, алайда Қазақстанда әйелдерге бұл жазаны қолданбайды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар павлодарлық әйел қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылды.

«Қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кезде айыпты емес екендігін ескере отырып, 99-бап 3-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі, 99-бап 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату. Арнайы түрдегі психиатриялық стационарда қатаң бақылаумен мәжбүрлі емдеуді тағайындау», – деді Павлодар облысының арнайы ауданаралық қылмыстық істер сотының судьясы Жанна Нығыбаева.

Яндекс.Метрика