GGG көптің көкейінде жиналып қалған сұрақтарға жауап берді

World Boxing-тің су жаңа президенті мансабын аяқтау, қоштасу жекпе-жегі және ҰОК-тегі алдағы қызметіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Геннадий Головкин өзіне қолдау білдірген қауымға алғысын жаудырды.

– Боксты жақсы көретін жанкүйерлерге, жерлестеріме, бүкіл Қазақстанға алғыс айтамын. Алда қай жерде тұрғанымызды анықтап, дамудың жаңа бағытын белгілейміз, – деп қысқа қайырды ол.

Ал Қазақстанда қоштасу жекпе-жегін өткізу туралы сұрақты айналып өтті.

– Алдымен World Boxing ұйымының нақты позициясын түсінуіміз керек. Барлық құжатпен танысып, жалпы жағдайды толық көрген соң ғана шешім қабылдаймыз. Қазір «аяқтаймын» немесе «жалғастырамын» деп кесіп айта алмаймын. Уақыт көрсетеді, – деді GGG.

Қоштасу жекпе-жегі туралы: «Бұл тақырып – әрдайым күн тәртібінде» деп нақты айтты ол.

– Спортшы ретінде айтарым, мен әрқашан спортшылар жағында боламын. Оларға жақсы болатындай барлық жағдайды жасауға тырысамын, – деді GGG.

Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті президенті қызметінде қала беруге тырыспақ.

– Мен мұнда тек жігер беру үшін келмеймін. Спортшылардың жанында болу – мәртебе. Мен бірінші кезекте ҰОК-ті таныстырамын. Спортшыларға «Барлығы мүмкін, өздеріңе сеніңдер» дегенді жеткізгім келеді. ҰОК-та қалуға бар күшімді саламын. Мақсат та, тәжірибе бар. ХОК-пен бірлесіп, ҰОК-ті жаңа деңгейге шығардық. Позициямызды жоғалтпаймыз деп сенемін. Елдің де, жанкүйердің де қолдауын сезініп, алға қарай жүре береміз. Жоспарларымыз көп, – деп сөзін қорытындылады ол.

Яндекс.Метрика