Украина, Еуропа және АҚШ өкілдерінің келіссөзі Женевада басталды

Фото: uatv.ua

АҚШ ұсынған Украина бойынша 28 тармақтан тұратын бейбіт келісім жобасына Еуропа, Канада және Жапония ашық қарсылық білдірді.

Олар құжаттың қазіргі нұсқасын қауіпті деп санап, түзету енгізуді талап етіп отыр.

Reuters агенттігінің дерегінше, Женевада өтетін келіссөзге АҚШ тарапынан арнайы өкіл Стив Уиткофф, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және Армия хатшысы Дэниел Дрисколл қатысады. Украина делегациясын Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак пен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Рүстем Умеров бастап барған.

Сондай-ақ Ұлыбритания, Франция және Германияның ұлттық қауіпсіздік кеңестері деңгейіндегі өкілдері (E3 тобы) қатысатыны хабарланды.

Келісім жобасы Украинадан Ресей басып алған аймақтарды қайтаруды, әскери қуатын шектеуді және НАТО-ға қосылудан бас тартуды қарастыруы тиіс. Батыс серіктестер бұл талаптар Украина тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, құжаттың қазіргі нұсқасын қабылдауға болмайтынын мәлімдеді.

Украина да жобадағы кей тармақтардың ел қауіпсіздігін әлсіретуі ықтимал екенін атап өтіп, міндетті кепілдіктерсіз мұндай жоспарды қарастыру мүмкін еместігін білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жоспардың соңғы нұсқа емес екенін, келіссөздер жалғасатынын айтты.

Яндекс.Метрика