Фото: Видеодан кадр
Петропавлдың Береке шағын ауданындағы №25 мектепте таңғы сабақтар шұғыл тоқтатылып, 540 оқушы мен 90 қызметкер дереу эвакуацияланды. Оқушылар ғимаратқа кіре бергенде төбеге жақын бөліктен түтін шығып, ата-аналар дүрлігіп қалды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, мәселе – төбеаралықта орналасқан сымдардың қысқа тұйықталуынан туындаған.
Құтқарушылар жағдайды уақытылы бақылауға алып, өрттің таралуына жол бермеген. «Ашық жалын болған жоқ, түтін сымдардың жанында пайда болған. Қазір себебі анықталып жатыр», – деді облыстық ТЖД өкілі. Білім басқармасы бүгін сабақтарды толық тоқтатып, оқушыларды дистанциондық оқуға жіберді. Ертең мектептің қалыпты режимде жұмыс істеуі жоспарланып отыр.
