Фото: видеодан скрин
Камбоджаның орталық бөлігіндегі Кампонгтхом провинциясында бейсенбі күні таңертең автобус көпірдегі қоршауға соғылып, өзенге құлаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Көлік апатынан 13 адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды ABC News-ке сілтеме жасап.
Автобус Ангкор-Ват ғибадатханалық кешенінен ел астанасы Пномпеньге қарай келе жатып, Кампонгтхом провинциясында таңсәріде апатқа ұшырады. Бұл туралы аудан полициясының орынбасары Сив Сованна хабарлады.
Сив Сованнаның айтуынша, автобустың ішіндегі барлық жолаушылар Камбоджа азаматтары.
Тергеу нәтижесінде жүргізушінің Сиемреаптан шыққанда ұйқысы шала болғаны анықталды, бұл жолды жүру әдетте шамамен бес жарым сағатты алады. Аудан полициясының орынбасары жүргізушінің қаза тапқан-қанын нақтыламады.
Автобус шамамен 40 жолаушыны тасымалдаған, ал бейсенбі күні құтқарушылар өзге құрбандарды іздеуді жалғастыруда.
Сив Сованнаның айтуынша, қаза тапқандардың денелері апат болған жерге жақын ауруханада туыстары алып кеткенше сақталады.
