«Жеңілтек өмір сүрдік»: әнші Сәкен Қалымов отбасындағы сұмдық жайтты айтты

Фото: видеодан скрин

Эстрада әншісі Сәкен Қалымов өзінің өткен өміріндегі қателіктер туралы ашық сөйлеп, бұрынғы жұбайы мен баласының алдынан өтпек болғанын жасырмады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Democrat.kz-ке сілтеп. 

Өнер иесінің айтуынша, ол Астанаға арнайы барып, отбасымен сөйлеспек болған. Алайда бұл талпынысы сәтсіз аяқталған.

«Алдарынан өтейін деп Астанаға іздеп бардым. Жарымды да, баламды да кінәлай алмаймын. Қателік – менен. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, басқаша орта болды. Серілік құрып жүрген кезең еді, көп дүниеге атүсті қарадық.
Әрине, мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын. Бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Бұйырған күні бәрі реттеледі деп үміттенемін», – деді ол ағынан жарылып.

Яндекс.Метрика