ФК “Қайрат”
Қазақстан U-19 құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза өзіне автокөлік сыйға берілген соң бірден жүргізуші куәлігін алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Бірінші бол» жобасына берген сұхбатында жас қақпашы жүргізуші куәлігінің бар-жоғы туралы сұраққа жауап берген.
«Иә, әрине. Мен 18 жасқа толғанда автомектепке жазылдым. Ал маған көлік сыйлағаннан кейін куәлікті тезірек алуға тырыстым. Кейін емтихан тапсырдым», — деді ол.
Жүргізуші ретіндегі шеберлігі туралы ол әлі де тәжірибе қажеттігін жасырмады.
«Өте жақсы жүргіземін деп айта алмаймын. Бірақ бәрі дұрыс деңгейде», – деді ол жауабында.
Шерхан Қалмырзаға 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңдері аясында «Реалға» қарсы ойын өткеннен кейін Exeed маркалы автокөлік сыйға тартылды.
