Фото: АР
АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық қор жүйесін сынға алып, пайыздық мөлшерлеме бойынша жағдай жақсармаса, Қаржы министрі Скотт Бессентті жұмыстан шығарамын деп сес көрсетті. Бұл туралы The New Republic хабарлайды.
— Скотт, сен бұл жігітпен жұмыс істеуің керек. Оның психикалық проблемалары бар. Оның бірдеңесі дұрыс емес, — деді Дональд Трамп сәрсенбі күні Кеннеди орталығында сөйлеген сөзінде ФҚЖ төрағасы Джером Пауэллге сілтеме жасап.
АҚШ президенті Пауэлдің қабілетсіздігін атап өтті.
— Оны шағын ғимарат құрылысына 4 млрд доллар жұмсағаны үшін сотқа беру керек. Егер жағдайды тез арада дұрыстамасаң, мен сені жұмыстан шығарамын, түсінікті ме? Мен оның кеткенін қалаймын, Скотт! — деп жалғастырды Трамп.
Ақ үй басшысы Пауэлді бірнеше ай бойы қудалап, пайыздық мөлшерлемелерді төмендетпегені және Трамптың агрессивті экономикалық жоспарларына толықтай мойынсұнбағаны үшін жұмыстан шығарамын деп қорқытып келеді.
