Сотта терезе сындырған Хасан Қасымбаевтың әрекеті тексеріліп жатыр

Фото: видеодан скрин

11 қарашада Талғарда өткен сотта Хасан Қасымбаев сотталушылар орындығындағы пластик терезені сындырды. Оның әрекетін полиция тексеріп жатыр, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеп. 

Алматы облысы Полиция департаменті бұл дерек аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

«Тексерістер жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», — деп жазылған жауапта.

Сонымен қатар, полиция Талғар аудандық соты тарапынан бұл оқиғаға байланысты ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін сотталған Хасан Қасымбаевтың туысы терезені қалпына келтіргені хабарланды.

Яндекс.Метрика