«Көңіл тербеледі»: Тоқтар Серіков жылы жазба жариялап, сүйіспеншілікке бөленді (ВИДЕО)

Фото: toktar_beibit парақшасынан

Танымал әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек жылытарлық жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы

Malim.kz мәліметінше, әнші жүктеген видеода өзі мен жұбайы, әнші Бейбіт Сейдуалиеваның жастық шақтағы ерекше сәттері топтастырылған. Ескі видеолар мен фотолардан құралған бұл ролик көпшіліктің көңілін елжіретті.

Тоқтар Серіков бейнероликтің сипаттамасына қысқа ғана: «Қайран жастық!» – деп жазып, желідегі оқырмандарын ойға қалдырды.

Видео аз уақыт ішінде 16 мыңнан аса лүпіл жинап, пікірлер легі толастаған жоқ. Желі қолданушылары:

«Керемет! Махаббаттарың мәңгілік болсын», «Қандай жарасымды жұп», «Бала кезден тыңдаймыз, бақытты болыңдар», «Өздеріңізді көріп көңіл тербеледі, жастық шақ еске түседі», – деп жылы лебіздерін жаудырды.

Желі қолданушылары жұптың өнеріне, отбасылық үйлесіміне тәнті болып, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тіледі.

Яндекс.Метрика