Түркістан облысындағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды

Фото: видеодан скрин

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабеков Jibek Joly эфирінде айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Алдын ала болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр жабдықтарының ақауы себеп болуы мүмкін.

«Өрт сынақ зертханасы сараптамасының қорытындысы дайын болған жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын қосатын желілік фильтрдің ақауы», – деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін Вице-премьер Қанат Бозымбаев Жетісайдағы өрт туралы баяндама жасағанда қылмыстық құрам жоқ екенін мәлімдеген болатын. Өрттен аман қалған үш науқас Астанаға немесе Шымкентке жеткізілуі мүмкін екенін айтқан.

Түркістан облысы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртке оранған.

 

Яндекс.Метрика