Әйелімен ұрысып қалған ақтөбелік өшін аялдамадан алған

Фото: видеодан скрин

Ақтөбеде ер адам әйелімен ренжісіп қалғаннан кейін аялдаманың әйнегін аяғымен теуіп қиратқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция аялдаманың қабырғасын тепкен ер адамды ұстады. Оның әрекеті туралы видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін құқық қорғаушылар тез арада анықтап, қолға түсірді.

Ер адамның айтуынша, әйелімен сөзге келіп, ашуын аялдамадан алған. Полицияда оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол өз кінәсін мойындады, іс материалдары шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

 

Яндекс.Метрика