«Ерлердің жаппай декретке шығуы мүмкін бе?»: депутат Құспеков Парламентте өзекті мәселені көтерді

Фото: Видеодан алынған кадр 

Мәжіліс отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков әкелерге баланы күту кезеңін еңбек өтіліне есептеу нормасы енгізілгеннен кейін ерлердің жаппай декретке шығу ықтималдығын сөз етті. Депутаттың айтуынша, бастама ата-аналардың құқықтарын теңестіруге бағытталғанымен, оның салдарына әсіресе әскери қызметкерлер мен мемлекеттік қызметшілер тұрғысынан мұқият баға беру қажет, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Олжас Құспеков депутат Асхат Аймағамбетовке қарата заң жобасының негізгі тұжырымын атап өтті: енді балаға нақты күтім жасаған жұмыссыз әкелердің бұл кезеңі еңбек өтіліне қосылуы ұсынылып отыр. Қазіргі жағдайда мұндай құқық тек аналарға берілген. Оларға бала күтімі үшін 12 жылға дейін өтіл есептеледі.

Депутаттың сөзінше, енгізіліп отырған өзгеріс ата-аналардың тең құқығын қамтамасыз етуді көздейді, алайда оның ықтимал салдарын алдын ала жан-жақты қарастыру маңызды.

Яндекс.Метрика