Астанада тағы да жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Астанада Байтурсынұлы көшесінде төрт көлік соқтығысқан ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларда тағы да Кобальт маркалы автокөлік көзге түседі.

Қала тұрғындары мұндай сәйкестіктің жиілеп кеткеніне алаңдап отыр. Сарапшылардың айтуынша, апатқа жол бермеу жүргізушілердің жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Қазір полиция апаттың себептерін анықтап, кінәлі тарапты тексеріп жатыр. Тұрғындар мұндай жағдайлардың неліктен қайталана беретініне нақты жауап күтеді.

Яндекс.Метрика