Ангелина Лукас Египетте жеңіліп, чемпиондық белбеуінен айырылды

Фото: 1bol.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Каирде өткен жекпе-жекте мансабындағы екінші жеңілісін тіркеді. Отандасымыз америкалық боксшы Кэтрин Ренеге төрешілердің шешімімен жол берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Мысыр астанасында өткен 10 раундтық кездесуде үш төрешінің екеуі жеңісті Рененің пайдасына ұсынды. Нәтижесінде америкалық боксшы WBA Gold чемпиондық белбеуін иеленді.

Осылайша Тараздан шыққан Ангелина Лукастың он жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы тоқтады. 28 жастағы спортшы бұған дейін 15 рет жеңіске жеткен, оның сегізін нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, Лукас Мысырға сапар алдында виза мәселесіне байланысты айтарлықтай қиындыққа тап болған. Қажетті құжаттың кеш шығуы боксшының дайындық процесіне кері әсер етті.

Қызығы, бұл жолы жеңген Рене әлемдік рейтингтің алғашқы отыздығына да енбеген, жасы үлкен боксшы саналады. Соған қарамастан америкалық спортшы 10 раунд бойы жоғары қарқын көрсетіп, Лукасқа айқын басымдықпен мүмкіндік бермеді.

Яндекс.Метрика