Фото: report.az
Жапония тұрғындары Токиодағы үкімет басшысының ресми резиденциясының алдына жиналып, премьер-министр Санаэ Такаитидің отставкаға кетуін талап етті. Олардың жүздеген плакаттарымен «Такаити отставкаға кетсін» және «Дипломатия қолынан келмейтін адам премьер-министр болуға лайық емес» деген ұрандар көтерген. Осылайша, наразы топ Санаэ Такаитидің соңғы мәлімдемелеріне қарсылығын білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
7 қараша күні Парламент отырысында Такеити Қытайдың материктік бөлігі Тайваньға қарсы әскери кемелер мен қарулы күштерді қолданса, бұл Жапонияға қауіп төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, егер жағдай елдің өміріне қауіп төндіретін болса, Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығын пайдалана алады.
Кейін премьер-министр бұл мәлімдеменің жапон билігінің бұрынғы ұстанымына сәйкес келгенін және олардан бас тартпайтынын жеткізді.
Жапониядағы Қытайдың елшісі У Цзянхао жұма күні елдің сыртқы істер вице-министрі Такэхиро Фунакосимен кездесіп, премьер-министр Санаэ Такаитидің ҚХР-ға қатысты айтқан сөздеріне байланысты ресми түрде наразылығын білдірді.
Айта кету керек, бұған дейін Жапония Үкіметінде тарихи оқиға тіркелгені хабарланған болатын. Ел үкіметін алғаш рет әйел адам басқаратын болды.
