Фото: Pixabay
Қазақстанда денсаулық скринингі бағдарламалары жаңартылды. Өзгерістер ауруларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға және халықты қамтуды кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Дәлелді тиімділігі бар зерттеулер енгізілді: соның ішінде: – ТТЛП (төмен тығыздықтағы липопротеидтер), – триглицеридтер, — гликирленген гемоглобин.
Скринингке қатысу жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды: бұл профилактикалық бағдарламаларға егде жастағы адамдарды көбірек тартуға мүмкіндік береді.
Арнайы мамандардың негізсіз консультациялары алынып тасталды. Егер зерттеу нәтижелері қалыпты болса, скринингті мейіргер – басқа мамандарға жолдамасыз аяқтауы мүмкін .
Цереброваскулярлық бұзылулардың алдын алу үшін МӘМС-ке 50 + ерлерге арналған жаңа скрининг енгізілді: брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі екі жылда 1 рет.
Қыркүйек айынан бастап онкоскринингтердің барлық кезеңі ТМККК шеңберінде қолжетімді болды, бұл зерттеп-қараудан өтуді жеңілдетеді және халыққа қаржылық жүктемені азайтады.
