Ақтөбеде тұрғындарды алдап, 100 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

Фото: Pixabay

Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Яндекс.Метрика