Фото: видеодан скрин
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов «The Voice Kazakhstan» жобасының қатысушысына ерекше қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Malim.kz-ке сілтеме жасап.
Жобаның Құрмаш Қуанышбаев есімді қатысушысы жобаға еш жанкүйерсіз өзі жалғыз келген екен. Осы орайда оған жобаның жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов өзім жанкүйер боламын деп қолдау көрсетті.
«Құрмаштың қолдаушысы, жанкүйері мен боламын», – деді Тұрсынбек Қабатов.
