Блогер Мөлдір Анарбаева қазақстандық фильмдерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.
”Қазір үлкен түгілі баланы таң қалдыру қиын болып кетті. Таң қалулары жойылып барады. Үлкен де, кіші де сол. Соңғы кездері қазақ халқын таң қалдыру қиынға соғып келе жатыр. Киноға шақырған кезде де, “не еңіреп жылайсың болмаса күлесің” дейді. Бізде екі нұсқа ғана бар. Өздері еңіреп жылап жатқанда жыламағанда не істейсің? Бізде ой салатын кино жоқ. Шетелдік киноларда болады ой салып кететін кино. Ондай бізде жоқ. “Олар неге бұлай жасады, астарында не бар” деп ойланасың. Әркім өзінің ойлау пайымдауымен ойлайды. Бізге ой қалдырмайды. Өртеп жібереді, қырып жібереді. Өздері аңырап жылайды. Кинода не болатынын трейлерде бәрін көрсетіп қояды. Бізге неге ой салмайсыңдар? Достарымызбен барып “астары не болды” деп талқылайық та. Барлық картаны ашып тастайсыңдар да, қай жеріне ойланатынымызды білмейміз”, — деді блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
