Фото: depositphotos.com
Өскеменде көпқабатты үйдің ауласында ер адам пышақ ала жүгіргені туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Михаэлис көшесіндегі 26-үй маңында болған. Куәгердің сөзінше, ер адам алдымен оқиғаны түсіріп тұрған азаматқа шабуыл жасап, кейін көлікке қарай ұмтылған, деп хабарлайды Qazaq.today.
“Біз қашып үлгердік. Көліктен түсіп үлгермегеніміз жақсы болды. Ол пышағын алып, көлікті сызып өтті. Кейін бұрылып, тағы үш адамға қарай жүгірді. Қарасаң, біреуді жазым қылғысы келген сияқты” — дейді оқиға куәгері.
Қуанышқа орай, тұрғындар подъезге кіріп үлгерген. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, таңертең үйіне жеткізген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
