Фото: eldos.kolobok/instagram
Белгілі блогер Елдос Қадырханов пен жұбайы 9 жыл бойы күткен қуанышқа жетті. Ерлі-зайыптылардың отбасында көптен күткен сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
«Аллаға шүкір, сүйінші! Қош келдің, ұлым! Біз ата-ана болдық, ағайын!» – деп жазды Елдос әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары жас ата-ананы қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілектерін арнап жатыр.
