Коллаж: Qazaq.today
Блогер Азамат Айталиев Димаш Құдайбергеннің қазақы стильдегі мейрамғанасы «Дайдидауды» сынап тастады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
«Ұрыс-керіс! Айқай-шу! Димаштың Астанадағы мейрамханасы «Дайдидауда», деп жазды ол желідегі парақшасында.
Блогердің сөзінше, мейрамханада тапсырыс берген тағамы мәзірдегідей болмаған.
«Тәрелке таза емес. Бұл не? Тағамның түрі мәзірдегі суреттегідей болуы керек емес пе? Бешбармақ емес пе, жай ыдысқа сала салған. Ет те біртүрлі, қазының майы да біртүрлі. Қазы тек майдан тұрады. Маған суреттегідей қайта істеп беріңіздер», — деді ол даяшыны шақырып алып.
Азамат Айталиевтің бұл видеосы желіде көп пікір жинады. Көпшілік оның бұл кірпияздығын теріс қабылдаған.
