Бұл – соңғы жылдары ел астанасында тіркелген ең ірі терактілердің бірі. Оқиға мемлекеттік мекемелер шоғырланған ауданда болғандықтан, тұрғындар қатты үрейленген.
Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Наквидің айтуынша,
«Шабуыл жасаған адам жарылғыш затты полиция көлігінің жанында іске қосқан».
Жарылыстан кейін аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, барлық мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды.
БАҚ деректеріне сүйенсек, теракт үшін жауапкершілікті бұған дейін Пәкістандағы “Талибаннан” бөлініп шыққан «Джамаат-уль-Ахрар» тобы өз мойнына алған.
Алайда Пәкістан премьер-министрі шабуылдың артында Үндістан арнайы қызметтері тұр деп мәлімдеді. Бұл айыптау екі ел арасындағы онсыз да шиеленіскен қарым-қатынасты одан әрі ушықтыруы мүмкін.
Айта кетсек, оқиға Үндістан астанасы Делиде болған көлік жарылысынан кейін ертесіне орын алды. Ол жарылыстан кем дегенде 13 адам қаза тапқан. Сарапшылар бұл екі оқиғаның бір-бірімен байланысы болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды.
