Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қиын сәтте Түркия халқының қайғысына ортақ екенін білдірді.
«Халқымыздың және жеке өзімнің атымнан Сізге және бауырлас түрік халқына, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.
Апат туралы не белгілі?
Бұған дейінгі ақпараттарға сәйкес, кеше Грузия мен Әзербайжан шекарасына жақын маңда әскери тікұшақ құлағаны хабарланған. БАҚ мәліметінше, бұл Түркия қарулы күштеріне тиесілі әскери тікұшақ болуы мүмкін.
