Денсаулық сақтау вице-министрі Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты түсініктеме берді

Фото: Үкімет

Сарбаз ауыр жарақат алған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Түркиядан ем алып келген Ербаян Мұхтардың жағдайын баяндады.

«Өкінішке қарай, ол ауыр жарақат алды. Біздің мамандардың бағалауы бойынша оның оңалып кету әлеуеті аса үлкен емес. Бұл көрсеткішті үнемі қайта бағалап, бақылап отыру керек. Жуырда ол Түркиядағы клиникадан оралды. Өкінішке қарамастан, нақты қандай оңалту емін алғанын айта алмаймын. Біз оны үйіне жеткіздік. Мемлекеттің өз азаматтарын шетелден санавиация арқылы ұшақпен жеткізу мүмкіндігі бар. Жақын маңдағы көрші елдердің көбінде ондай мүмкіндік жоқ. Осындай санавиация құралының бір бағытқа барып-қайту жолына шамамен 50-60 миллион теңгедей кетеді. Осы жолы Денсаулық сақтау министрлігі Ербаянның емі мен жол шығындарын ішінара өтейді», – деді Тимур Мұратов.

Оның сөзінше, мемлекет өз азаматтары үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын.

«Арнайы мамандар мен сарапшылардан құралған топ оның жағдайын қайта қарайды. Осылайша оңалту әлеуетін тағы бір мәрте бағалайды», – деп жауап берді ДСМ өкілі.

Айта кету керек, бұған дейін Ербаян Мұхтар Түркиядан Қазақстанға оралғанын жазғанбыз.

Яндекс.Метрика