«Заңды әйеліне обал»: Тағы бір әншінің опасыздыққа барғаны айтылды (ФОТО)

Фото: www.instagram.com/prince_vernyi

Әлеуметтік желіде V $ X V PRiNCE лақап атымен танылған рэпер Асхат Рысбеков пен әнші Нияға қатысты дау туындады. Бұған жақында Алматыда өткен Dequine концерті кезінде болған тосын оқиға себеп болды. Кеш барысында Ния ән орындап жатқан сәтте Асха сахнаға күтпеген жерден шығып, көрермендерді таңғалдырған. Кейінірек Dequine бұл сәт жоспарланбағанын айтып, екі әртістің қарым-қатынасы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дания Эмиль – қырғызстандық рэп-орындаушы, көпке Ния лақап атымен таныс. Оның Асха Принцпен бірігіп шығарған Eyes және Price атты тректері миллиондаған қаралым жинаған. Әуелде олардың дуэті сәтті шығармашылық тандем ретінде қабылданғанымен, уақыт өте тыңдармандар екі әртістің арасында музыкадан бөлек байланыс барын байқай бастаған. Бұған қоса, Асха – үйленген, үш баланың әкесі.

Қазақстандық рэпер Say Mo-ның жеке концертінде айтқан сөздері өнер иелерінің қоғам назарына ілігуінің тағы бір себебі болды. Тыңдармандар рэпердің “Дорогая, надеюсь, ты же знаешь, что он женат. Солидарность женская, но делишь с ними кровать” (Қымбаттым, оның үйленгенін білесің ғой? Әйелдер арасындағы қолдауды ұмыттың ба? Онымен бір төсекке жатып жүрсің..) деген шумағында Нияны астарлап меңзеп тұрғанын байқаған.

Сондай-ақ тыңдармандарды Say Mo-ның әніндегі “менің үнсіздігім біреудің отбасын сақтап тұр” деген жолдары да ойландырған. Ал рэпердің өзі TikTok парақшасында “Папина любовница” атты әнімен видео жариялап, жазба астына: “Сатқын еркектер мен олардың ақымақ ашыналарын ақыры әшкерелей бастадық” деп жазған. Желі қолданушылары бұл сөздердің кімге бағытталғаны ұзақ уақыт бойы жұмбақ болып келгенімен, енді ғана бәрі айқындала бастағанын жазып жатыр.

өсекФото: https://www.tiktok.com/@say_mo_?_r

Жұбайының реакциясы

Асха Принцтің жұбайы, музыкант Ұлдана Үсенова әлеуметтік желіде жазба жариялап, бұл жағдайға бейжай қарамады. Ол онда отбасын бұзуға тырысқан әйел туралы өз ойын айтты, дегенмен ол ешкімнің атын атамады.

“Ер адамның үйленгенін, оның жары мен балалары бар екенін біле тұра, оған жабысып, өзін мәжбүрлеп танытып, мансап үшін бәріне бару — не деген масқара? Кейін күн сайын “қашан ажырасасың, қашан?” деп қыспаққа алып, балаларынан алыстатып, енді ештеңе болмағандай пәктік таныту… Мұндай адамды қалай атауға болады?” — деп жазды ол.

Ал Асха Принцтің өзі парақшасында қысқа ғана Stories жариялап:

“Тіпті бүкіл әлем жек көрсе де болсын”, – деп жазды.

СкриншотФото: Фотодан скриншот

Желі қолданушыларының пікірі

Бұл тақырып әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар Instagram мен Threads парақшаларында бұған дейінгі концерттерде түсірілген сәттерді жариялап, түрлі пікір қалдырып жатыр. Бірі Say Mo-ның жала жауып отырғанын айтып, Нияны қолдаса, енді бірі “Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтынын” жазып жатыр.

“Міне, тағы бір жаңалық. Асха Принц отбасылы адам, көпбалалы әке. Егер айтылып жатқан әңгіме рас болса, оның заңды әйеліне обал. Оның әндері керемет, бірақ өмірде қандай адам екенін білмейміз”, “Енді Асха Принцтің кезегі ме? Бұлай жалғаса берсе, жақында тыңдайтын әртіс қалмайды”, – деп жазып жатыр олар.

скриншот

Айта кетейік, Ния бір жыл ішінде Қырғызстанның хип-хоп сахнасындағы ең танымал жас орындаушылардың бірі атанды. Асхамен бірге жазған бірнеше трегі мен желіде тараған хит әні оған кең танымалдық әкеліп, ол қазір Орталық Азиядағы ең көп талқыланатын жас жұлдыздардың біріне айналды.

Яндекс.Метрика