Фото: report.az
Жарылыс Нью-Дели қаласының ең танымал тарихи орындарының бірі – Қызыл форт маңында болған. Нәтижесінде 8 адам көз жұмып, 20 адам жарақат алған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Басылымның ақпаратына сүйенсек, Hyundai i20 маркалы көлік метро станциясының кіреберісі маңайында жарылған. Машина ішінде үш адам болған. Жарылыстың толқыны жақын тұрған көліктерге зақым келтіріп, бірнеше көлік пен рикшалар өртке оранған.
Қызыл форт – XVII ғасырда Ұлы Моғолдар дәуірінде бой көтерген тарихи цитадель. Бұл орын туристер арасында танымалдыққа ие.
Куәгерлер көліктің баяу қозғалып келе жатып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған кезде жарылыс болғанын айтады. Полиция оқиға орнын қоршауға алды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.
NDTV телеарнасы көліктің иесі ұсталғанын хабарлады. Бұл оқиғадан кейін бірнеше штатта қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
