Фото: видеодан скрин
Жетісу облыстық ТЖД-ға Талдықорған қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан монша кешенінің шатыры өртенгені туралы хабар түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан 22 адам, оның ішінде 15 келуші өздігінен эвакуацияланды.
«Өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның жақын орналасқан ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ. Жалпы 600 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді», – делінген ақпаратта.
