Фото: farizatoreali инстаграм парақшасынан
Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі қызының 2 жасқа толу туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол ана болу бақытын ұзақ күткенін жасырмады.
«Алғаш ата-ана бақытын сезінген күн. Біз ұзақ күткен бақыт. Біз аңсап күткен бақыт. Раббым 2 жыл бұрын бізге Даратайды сыйлады.
Иә, өзіне де дәл солай айтамын күнде:
“Қызым, сен Алланың сыйысың, бізге нәсіп болған ең үлкен нығметісің” деуден жалықпаймын. Жүзіндегі шынайы бақытты, күлкісін көрген сайын, қылықтарына тоймай, іштей шүкір етемін де тұрамын, көзіме жас келеді.Жиі ойлаймын. Қалайша Раббымыз бұл аналық махаббатты жаратып қойды екен.. бұл сезімдерді тіпті сөзбен жеткізе алмайсың ғой. Бұл сезімдерді жүрекке салып қойған да Ол ғой. Қызым, сен мендегі өзім білмеген махаббатты ояттың. Шартсыз махаббат. Тілегім — жүрегімде. Ең бастысы барша балапандар махаббатта шалқып, тек амандықта болсын! Дархан осындай ғажап демалыс сыйлады. Теңіз, самал жел, күннің астында қыздырыну, шомылу», — деп жазды Фариза Төреәлі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
