Фото: Видеодан кадр
Әнші Say Mo концерт алдында қыздарға ерекше үндеу жасады: «Егер ер адамның әйелі мен баласы бар екенін білсеңіздер — оған крест қойыңыздар. Бізге әйелдік солидарность керек!» деді ол. Бұл сөз әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырып, қызу пікірталасқа айналды. Бірі Say Mo-ның батыл үндеуін қолдаса, енді бірі оның жеке өмірге араласуына қарсы шықты. Дегенмен, бұл оқиға қоғамда әйелдердің өзара қолдауы мен моральдық жауапкершілік туралы жаңа талқылау толқынын бастады.
