Меркідегі дәрі алу азапқа айналды: тұрғындар 7 сағат күткен

Фото:

Меркі аудандық поликлиникасында дәрі алу үшін келген тұрғындар сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Куәгерлердің айтуынша, кейбіреулер таңғы 8-де келіп, түстен кейін ғана қабылдауға ілінген. Поликлиникада мамандардың тапшылығы мәселесі бірнеше айдан бері шешілмей келеді. Емхана қызметкерлері кадр жетіспеушілігін алға тартса, тұрғындар жауапкершіліктің жоқтығына наразы. “Дәрігер таппай, сағаттап отырмыз, ал кей кабинет бос тұр”, — дейді науқастар. Ал халықтың шыдамы таусылып барады.

Яндекс.Метрика