Семейде қақаған қыста автобусқа сыймай қалған халық ашуға мінді: әкімдік үнсіз

Фото: Видеодан кадр

Қыстың қақаған суығында семейліктер аялдамада сағаттап автобус күтіп, дірдек қағып тұр. Қалада қоғамдық көлік жетіспей, адамдар таңертең де, кешке де жұмыс пен үйге жете алмай әбігерге түскен. Келген автобустар лық толы, ал сыймай қалған жұрт келесі рейсті күтіп тағы да тоңып тұрады. Халық бұл мәселе жыл сайын қайталанатынын айтып, әкімдіктің әрекетсіздігіне наразы. «Қала басшылары жылы кабинетте отыр, ал біз аязда қалдық» дейді тұрғындар.

Яндекс.Метрика