Фото: Видеодан алынған кадр
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, әнші Қайрат Нұртастың Алматыдағы жаңа үйін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Қайрат баламның жаңа үйіне рум тур», – деп жазды ол өз парақшасында.
Айдарбекованың айтуынша, үйдің жөндеу жұмыстары жуырда ғана аяқталған. Ол бейнежазбада бірінші қабаттағы кең әрі жарық қонақ бөлмені, сондай-ақ екінші қабаттағы Қайрат пен оның балаларының бөлмелері мен гардеробты көрсетті.
«Бұл үйді бұрын сатып алғанбыз, жөндеуді ұзақ уақыт жасадық, уақыт болмай жүрді. Жөндеу жұмыстарын Қайраттың әкесінің туған күніне дейін аяқтадық. Себебі Қайраттың балалары аталарына келуі керек еді, сондықтан жөндеуді тезірек бітіруге тырыстық», — деді Гүлзира Айдарбекова.
Ал желі қолданушылары бейнежазбаға түрлі пікірлерін білдірді.
«Кайрат пен қызым Жұлдыздың деп айтсаңыз, аспан айналып жерге түсе ме?», «Енелердің ауызы бармайды ғой келіннің атын айтуға,бізде де солай», «Әйелі бола тұра сізге не керек 40 қа келген балаңыздың үйін ремонттап», «Қайрат әп сәтте үй ала салды, ал Жұлдыз 5 баласымен әлі үйін ремонттап кіре алмай жүр», «Бала-шағасы жоқ, қара басына не керек, бұл үй», «Үй алғандарыныздан не пайда, ішінде бақыт болмаса», — деп жазды оқырмандар.
