Фото: Жеке парақшасынан
Ақтөбелік Жұлдыз Тлеуф пен оның бес баласы жаңа пәтерге қоныстанды.
Бұл туралы отбасының үлкен қызы Құралай Есболатова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Ақтөбе қаласының тұрғыны Құралай Есболатова қуанышты жаңалығын бөлісіп, әлеуметтік желіде тұрғын үй алғандарын жариялады.
Оның айтуынша, пәтер қоғамдық қор атынан берілген.
– Бұл тосын сый болды. Біз көптен күткен күніміз. Керемет күннің, керемет өмірдің бастауы. Қазақ еліне алғыс айтамын. Бізді қолдап, осындай күнге жеткізді, – деді Құралай Есболатова.
