Ғарышқа ұшқан қытайлықтар Жерге қайта алмай отыр

Фото: «Синьхуа» агенттігі

Алдын ала мәлімет бойынша, ғарыш кемесінің капсуласы ғарыштағы қоқыспен соқтығысып, зақымданған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қытайдың «Шэньчжоу-20» миссиясына қатысып жатқан үш ғарышкер орбитадағы апат салдарынан Жерге қайта алмай қалған. Қазіргі уақытта ғарышкерлер – Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе Қытайдың орбиталық «Тяньгун» станциясында қалып отыр. Олардың кемесіне қатысты зақымның деңгейін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Экипаж бұған дейін ғарышта 6 ай уақыт өткізіп, ғылыми тәжірибелер мен ашық ғарышқа шығу жұмыстарын жүргізген. Енді олар көлік жүйесіндегі ақау жойылғанға дейін станцияда қалуға мәжбүр.

Яндекс.Метрика